«Слава Украине!»: қоршауда қалған сарбаз өзін-өзі жарып жіберді

«Слава Украине!»: қоршауда қалған сарбаз өзін-өзі жарып жіберді

«Слава Украине!»: қоршауда қалған сарбаз өзін-өзі жарып жіберді
ашық дереккөзі
Мариупольде Ресей әскерінің қоршауында қалған украин шекарашысы өзін жарып жіберді деп хабарлады turkystan.kz Obozrevatel порталына сілтеме жасап.
«Мариупольде Украина шекара армиясының аға офицері Ресей басқыншыларының қолдарына түспеуі үшін өзімен бірге радиостансаны жарып жіберді», – делінген хабарламада.
Украин қорғаушысының соңғы сөзі «Слава Украине!» болыпты. Украина Президенті кеңсесі жетекшісінің кеңесшісі Алексей Арестович жексенбі күні өткен брифингте шекара әскерінің офицері жараланып, жау қолына түспеу үшін радиостансаны өзімен бірге жарып жібергенін айтты. Тағы оқи отырыңыз: «Украина жеңеді және бұдан да күшті болады» – ЕО басшысы
«Қаһарман шекарашымызға тағзым етеміз», – деді Арестович.