Алматыда жол апатынан оқушы қыз қаза тапты

Алматыда жол апатынан оқушы қыз қаза тапты

Алматыда жол апатынан оқушы қыз қаза тапты
ашық дереккөзі
Алматыда жол апатынан жаяу жүргінші қыз мерт болды деп жазды turkystan.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 9 сәуірде болған. Hyundai Tucson автокөлігінің 1987 жылғы жүргізушісі Гагарин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, солға бұрылып, Гагарин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Elantra автокөлігімен соқтығысты. Сонымен бірге, жол бойында тұрған адамдарды қағып кетті. Артынша, Hyundai жүргізушісі Гагарин көшесінде солтүстік бағытта тұрған Chevrolet автокөлігі мен Yutong автобусымен соқтығысты.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2013 жылғы жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. Марқұмның анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», – деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.