Қуат Хамитов Головкиннің жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Қуат Хамитов Головкиннің жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Қуат Хамитов Головкиннің жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Спорттық мансабын аяқтаған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Instagram-дағы парақшасында жапониялық боксшы Риота Муратаға қарсы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Геннадий Головкинді құттықтады деп хабарлады turkystan.kz.
«Жас жігіттердің бәріне 40 жаста да айқасуға болатынын көрсетті! Тамаша оралу! Құтты болсын», - деп пікір білдірді ол.
Еске сала кетейік, 8 сәуірде «GGG» 40 жасқа толды. Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтаған болатын.