«Сирияда болған»: Ресей қаһарманы Украинадағы операцияға қолбасшы болып тағайындалды

«Сирияда болған»: Ресей қаһарманы Украинадағы операцияға қолбасшы болып тағайындалды

«Сирияда болған»: Ресей қаһарманы Украинадағы операцияға қолбасшы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Ресей Украинадағы әскерінің қолбасшылық құрылымын ауыстырып, әскерді бастайтын жаңа қолбасшыны тағайындады. Нақтырақ айтсақ, Сирияда Ресей әскерін басқарған тәжірибелі генерал Александр Дворников енді Украинадағы Ресей әскеріне қолбасшылық етпек. Бұл туралы turkystan.kz bugin.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. Батыс елдерінің шенеуніктері бұл ақпаратты растады. BBC News басылымының жазуынша, Украинаға басып кірген Ресей әскерінің ұйымдасуы мен басшылығы нашар болды, енді Дворников әскердің ұйымдасуын жақсартып, жаңа ұрыс алаңына шықпақ.
«Дворниковтың тәжірибесі мықты. Сирияда Ресей әскерін ұзақ жылдар басқарған. Ресей әскері жаңа күш аларына сенімдіміз», - деп пікір білдірген батыс шенеуніктері.
Ресей Федерациясы 9 мамырға дейін Украинадағы шайқастан әйтеуір нәтиже шығаруға тырысып бағуда. Соған дейін жеңіп шыққысы келеді. Сондықтан Пентагонның хабарынша, қазір Ресей бүкіл күшін Донбастың маңайына топтастырып, осы маңда дүрбелең ұрыс жасағалы жатыр. Әзірше ұрысқа шықпауының себебі, бүкіл әскердің жиналғанын күтіп отыр. Анықтама А.Дворников 1961 жылы туған. Қазір 60 жаста. 2016 жылы «Ресей Қаһарманы» атағын алған. 2015 жылы РФ әскерінің Сириядағы қолбасшылығына командир болып тағайындалған.