Қарағандыда пакетке оралған сәбидің мәйіті табылды

Қарағандыда пакетке оралған сәбидің мәйіті табылды

Қарағандыда пакетке оралған сәбидің мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Қарағанды тұрғыны гараж маңынан пакетке оралған жаңа туған баланың денесін тауып алды деп хабарлады turkystan.kz. 9 сәуірде Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі гараждардың маңайын тазалап жүргенде жаңа туған баланың мәйітін тауып алғанын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
«Полиция қызметкерлері оның зорлық-зомбылық белгілері жоқ, жаңа туған ұл баланың денесі екенін анықтады. Қазіргі уақытта оқиға орнына жақын маңдағы үй тұрғындарынан көрген-білгендер бойынша сұрау салу, сондай-ақ баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100- бабына («Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.