2 млрд теңге бөлінген Алматы - Бішкек тасжолы өткелі аяқталмай қалды

2 млрд теңге бөлінген Алматы - Бішкек тасжолы өткелі аяқталмай қалды

2 млрд теңге бөлінген Алматы - Бішкек тасжолы өткелі аяқталмай қалды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік бюджеттен Алматы - Бішкек тасжолындағы өткелдің салынуына бөлінген 2 миллиард теңге жетпей қалды деп жазды turkystan.kz. «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Алматы - Бішкек күре жолының 19-шақырымындағы өткел құрылысы бітпеуінің салдарынан сол маңда үлкен көлік кептелісі болады. Адамдар екі ауылды бөліп тұрған республикалық жолды кесіп өтеді. Бұл көлік қозғалысын тежейді. Алматыдан шыққандағы 4 жолақты жол Кемертоған мен Райымбек ауылына келгенде тарылып, көлік кептелісі еселене түседі. Телеарна тілшісінің сөзінше, таңертеңмен және кешке жолдан өту көп уақытты алады. Көлік ағынына жаяу жүргіншілер жолағы кедергі келтіреді. Ал, кептеліс жоқ болған күнде бұл жер адам үшін қауіпті болып отыр. Себебі, жолдан өткісі келген адамға ертелі-кеш жүйткіген көліктердің салдарынан жолдан өту қиынға соғады.
«Көліктің біреуі тоқтаса, біреуі тоқтамайды. Мына жерде апат та болып жатыр. Адамдарды қағып кеткен жағдайлар да болды. Жолдан өтуге өткелдің болғаны дұрыс қой», – дейді тұрғындар.
Жерүсті өткел мен автокөліктерге қажетті эстакаданың құрылысы 2020 жылы басталған. Бұл құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінген. Бірақ, көп ұзамай, құрылыс тоқтап, жарты жолдан бітіп қалды.
«Алдыңғы мердігер компания жоспар бойынша, осы 2022 жылдың ішінде бітіруі керек болған. Бірақ, олардың жұмыстары дұрыс қарқынмен жүргізілмегендіктен, біз 2021 жылы олармен жасасқан келісім-шартты үзуге мәжбүр болдық. Құрылыс жұмыстарының жалғасын таппауына көптеген себептер бар. Өздеріңіз білесіздер, пандемия салдарынан көптеген құрылыс материалдарының бағасы қымбаттап кетті», – дейді «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрқат Ақылтаев.