Қазақстан елшісі АҚШ Президентімен кездесті
Қазақстан елшісі АҚШ Президентімен кездесті
4 сәуірде Ақ үйде өткен протоколдық іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ президенті Джозеф Байденмен қысқаша сұхбат өткізді деп жазды turkystan.kz. СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында қазақстандық елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипатын жеткізіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.
«Өз кезегінде, америкалық басшы екіжақты және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екі ел арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғасуын оң қабылдайтынын хабарлады», – делінген хабарламада.