Oyan, Qazaqstan белсенділерін полицейлер ұстап әкетті (ВИДЕО)

Oyan, Qazaqstan белсенділерін полицейлер ұстап әкетті (ВИДЕО)

Oyan, Qazaqstan белсенділерін полицейлер ұстап әкетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгін Oyan, Qazaqstan белсенділерін Ресей елшілігінің алдында акция өткізбек болған жерлерінен полицейлер алып кетті деп жазды turkystan.kz. Айта кетсек, Oyan, Qazaqstan белсенділері Алматы қаласындағы Ресей елшілінің алдында қолдарын байлап, жерге жатып, Украинаның Буча қаласында қаза тапқан тұрғындарды бейнелеп, қолдау акциясын өткізбек болған. Сондай-ақ үстеріне Украина жалауын жамылып алған. Алайда оларды елшілік қақпасының алдында жатқан жерлерінен полиция қызметкерлері ұстап алып кетті. Белсенділердің барлығы Бостандық ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Дегенмен, полицейлер оларға сыпайылық танытып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген және хаттама толтырмаған.