Жаңалықтар

Ханты-Мансийскіде балалардың апатына байланысты Аза тұту күні жарияланды

ашық дереккөзі

Ханты-Мансийскіде балалардың апатына байланысты Аза тұту күні жарияланды

Ресейдің Ханты-Мансийск автономиялық округінде 5 желтоқсанда балалардың апатқа ұшырауына байланысты аза тұту күні жарияланды. Жексенбі күні акробатика бойынша балалар командасы рейстегі автобуспен жарыстан қайтып келе жатқанда Ханты-Мансийск түбінде жүк көлігімен соқтығысып қалған. Апаттан 13 адам қаза тапты - 11 жасөспірім және екі үлкен кісі. Тергеу балаларды тасымалдау автоинспекциямен келісілмегенін анықтаған. Көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, үлкен жылдамдықпен жүк көлігіне соғысқан. Автобустың ішінде 12-ден 14 жасқа дейінгі 29 жасөспірім болған. Осы жол апаты кезінде тағы екі жеңіл автокөліктің зардап шеккені хабарланды. Балалардың бірі ауруханаға апара жатқан кезде, ал тағы біреуі ауруханаға жеткізілген соң қаза тапты. Осылайша апаттан қайтыс болған балалар саны 11-ге жетті. Ресей президенті Владимир Путин 2016 жылдың маусым айының соңында балалар қауіпсіздігіне жауап беретін бірыңғай федералдық орган құруды ұсынған болатын.