Байден Ресей мұнайының импортына тыйым салу туралы заңға қол қойды

Байден Ресей мұнайының импортына тыйым салу туралы заңға қол қойды

Байден Ресей мұнайының импортына тыйым салу туралы заңға қол қойды
ашық дереккөзі
АҚШ Президенті Джо Байден 8 сәуірде Конгресс мақұлдаған Ресей және Беларусьпен қалыпты сауда-саттық қатынастарды доғаруды көздейтін заң жобаларына қол қойды деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«HR 6968, «Ресей мұнайының импортына тыйым салу туралы Заң»... HR 7108, «Ресеймен және Беларусьпен қалыпты сауда-саттық қатынастарды доғару туралы Заң» делінген Ақ үй сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Ведомствоның баспасөз қызметі нақтылағандай, Ресей мұнайының импортын тоқтату туралы Заң осы салада заңнамалық тұрғыда тыйым салуды көздейді. Шын мәнінде, бұл құжат бұрын қабылданған Президент жарлығын қайталайды. АҚШ азаматтарына кез келген жерде Ресеймен байланысты жаңа инвестиция жасауға тыйым салынады. Сондай-ақ шектеулер экспорттық бақылауға жататын тауарлардың кез келген санатын экспорттауды, қайта экспорттауды, сатуды және жеткізуді де қамтиды. Қалыпты сауда қатынастарын тоқтату деген АҚШ әкімшілігіне ДСҰ-ға мүше басқа елдерге қарағанда жоғары баж салығын белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл шара 2024 жылдың басына дейін қолданылатын болады.