«Жамбасымнан сипады»: алматылық қыз автобуста қорланғанына қапалы

«Жамбасымнан сипады»: алматылық қыз автобуста қорланғанына қапалы

«Жамбасымнан сипады»: алматылық қыз автобуста қорланғанына қапалы
ашық дереккөзі
Немолчиkz қозғалысының төрағасы Дина Таңсәрі өзінің Facebook-тегі парақшасына Алматы қаласындағы 120-бағыттағы автобуста болған жайтты жариялады. Сонда атап көрсетілгендей, қоғамдық көлікте бір жігіт қыздың етегіне қол жүгіртіп, жамбасын сипаған деп жазды turkystan.kz.
«Бүгін таңертең 120-бағыттағы маршрутта қыз балаға ерсі әрекет танытқан еркекті қалай табуға болады? Бейнебақылау немесе куәгерлер бар ма? Әйелдерге жасалатын осындай ерсі әрекетке жол беруді доғару керек» деп жазды Дина Таңсәрі.
Сондай-ақ ол жәбірленушінің жазған хатының скриндерін жүктеген.
«Сәлеметсіз бе! Мен бұл жағдайда кімге жүгінерімді білмеймін. Мұндай жағдайда қалай және не істеу керектігі туралы кеңес сұраймын. Мен үшін қиын жағдай. Бұл жайлы айтпай қалуым дұрыс емес, мүмкін де емес. Мұндай оқиғада полицияға барудың мағынасы бар ма, білмеймін. Бұл қоғам үшін ұсақ-түйек сияқты көрінеді, бірақ оны бастан кешу жиіркенішті. Бүгін таңертең, бір сағат бұрын автобусқа отырдым. Артымда тұрған бір жігіт етегімді жоғары көтеріп, жалаңаш жамбасымнан ұстап, сипады (мен колготкисіз, іш киімде, юбкада болдым). Сол кездің қаншалықты жиіркенішті екенін айтып жеткізе алмаймын. Өзімді зорлағандай сезіндім, аяғым қорқыныш пен зұлымдықтан дірілдеп кетті. Абдырап қалғаным сонша, қолымнан келгені – бар күшіммен оны итеріп жіберіп, айқайладым. Ол ұялған да жоқ. Оған бірдеңе істеуге, суретке түсіретіндей күйде емес едім. Жиіркенішті сезімде болдым. Айналамдағылар бәрі естіп, көріп тұр. Ешкімнің де шаруасы жоқ. Ер адамдар да, әйелдер де былқ етпеді» деп жазған қорланған қыз.
Айтуынша, оның киімі де айтарлықтай қысқа болмапты. Сонда да қоғамда киіміне қарап, өзі соған ыңғай берді деген түсінік қалыптасқанына қапалы.
«Қандай киім кисем де маған зат сияқты қарап, бұлай қорлауға қандай хақысы бар? Соны білгім келеді. Бұл тек менің ғана басымнан өткен бірінші жағдай емес. Көп қыздардың басынан өтіп жатқан нәрсе. Өзіңді қауіпті жағдайда және қорқынышта сезіну сондай қиын. Бүгін етегімді түріп, жамбасымды сипаса, ертең одан зорғысына барады», - деп үрейленіп отыр жәбірленуші.
Нақты айтқанда, бұл жайт Алматы қаласында, Әуезов пен Абай көшелерінің қиылысында таңертеңгі 08:30-08:40 аралығында болған.