Мәжіліс депутаттары тасқыннан зардап шеккен Батыс өңірінің тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары тасқыннан зардап шеккен Батыс өңірінің тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары тасқыннан зардап шеккен Батыс өңірінің тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөзі
Кеше Мәжілістегі АМАNАТ партиясы фракциясының мүшелері Мәлік Құлшар мен Снежанна Имашева су тасқынынан зардап шеккен аудандардың тұрғындарымен кездесу үшін Батыс өңіріне барды деп жазды turkystan.kz. Мәлік Иманқұлұлы сапарын Қаратөбе ауданы, Шалғын ауылынан бастады. Ауыл әкімінің айтуынша, ағын судан ауылдың 29 үйі зардап шеккен. Оның 23-і мүлдем тұрмысқа жарамсыз күйде болып шықты. Сонымен қатар, депутат зардап шеккен ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың қазіргі жағдайларымен танысты. Ол алдымен балалардың оқуы ұйымдастырылған мәдениет үйінде болды. Оқушылармен және мұғалімдермен кездесіп, олардың күнделікті сабақ оқуға байланысты мәселелерімен танысты. Анықталғандай, облыстық Білім басқармасы, аудандық білім беру бөлімі балаларға киім-кешек, оқуға қажетті құрал-жабдықтар алып берген. Кездесу барысында сол ауылдың тұрғыны және уақытша мектеп директоры міндетін атқарушы Мұрат Құлбатыров және ауыл тұрғыны Нұрболат Бахитов депутатқа тұрғындардың талап-тілектерін жеткізді.
«Парламенттен келіп, біздің қал-жағдайымызбен танысып, көмек қолын созуға дайын екендігіңізді жеткізген Сізге тұрғындар атынан ризашылығымды жеткіземін. Елдің басына қиын жағдай түсіп жатқанда арнайы келіп жағдайымызды сұрап, талап-тілегімізді тыңдап, ел ішін аралап жүргеніңізге алғысымызды білдіреміз. Бізге алғашқы болып АМАNАТ партиясы азық-түлікпен көмектесті. Оқу құралдарын, киім-кешек, уақытша тұруға палаткаларды әкімшілік әкеліп берді. Барша елге рақмет. Енді біздің екі мәселеміз бар. Ауыл ешқайда көшпейді. Сондықтан мектеп және баспанамызды шағындап салып берсеңіздер», – деп тұрғындар атынан Нұрболат Бахитов ұсыныс айтты.
Мәлік Иманқұлұлы төтенше жағдайға облыс бюджетінен бөлінген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, Мәжіліс отырысында осы мәселені көтеріп, қосымша республикалық бюджеттен қаражат бөлу жөнінде ұсыныс айтатынын жеткізді. Әр тұрғынның өтініші аяқсыз қалмайтындығын айтты.  width= width= width=