Мәселені Мәжілісте қарауға сөз берді

Мәселені Мәжілісте қарауға сөз берді

Мәселені Мәжілісте қарауға сөз берді
ашық дереккөзі
Павлодарда AMANAT партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченконың төрағалығымен партия фракциясының отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Отырысқа Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким мен облыс әкімінің орынбасары О.Крук қатысты. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы Жол картасының орындалуына жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есептері тындалды. Күн тәртібінде бірнеше мәселе талқыланды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев Павлодар облысындағы су тасқынына байланысты қазіргі ахуалды баяндады.
«Қыс кезеңінің басынан облыстың елді мекендерінен 1 млн 657 мың текше метр қар шығарылды. 78 мың 125 текше метр су сорылды. Барлық 1 472 су өткізу құрылыстары 100 пайызға тазартылды. Жалпы, су тасқыны салдарын жоюға азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелерінің авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының тобы дайындалды. Жеке құрамның 2 мыңнан астам адамы, 700 бірлік техника іске қосылды. Су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда. Қазіргі уақытта облыста елді мекендерді су басу қаупі жоқ»,- деді Жасұлан Жұмашев.
ТЖД басшысы облыстық мәслихат депутаттарының қарауына қардың еруі және су басу қаупі бар кезең жақындайтын уақытта шұғыл қажеттіліктерге бюджеттен қаражат бөлу мәселесін көтерді. Депутаттар бұл  мәселені алдағы өтетін сессияда қарастыратын болады. AMANAT партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мемлекеттік сатып алулар туралы заңға түзетулер енгізуді ұсынды. Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуын қараған кезде халық қалаулылары құрылыс саласына ерекше назар аударды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қадылжан Сатиевтің айтуынша, өткен жылы 15 жобаның ішінен 10 жоба іске асырылған. Бүгінде құрылыс басқармасы Павлодар облысы бойынша 13 нысанға жетекшілік етеді. Оның ішінде 2021 жылдан бері ауысатын 7 нысан бар және 2022 жылы 6 жаңа нысан қарастырылған. Депутаттар жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтау қажеттігін атап өтті. Бұл тұрғыда облыстық мәслихаттың депутаты Серік Жартыбаев жыл сайын қомақты тапсырыс алып жүрген, немқұрайлы мердігерлер үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Оның пікірінше, өз міндеттерін тиісінше орындамайтын мердігерлер үшін жазаны заңды түрде бекіту, оларға айыппұл баллдарын есептеу керек. Облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Айткенов нормативтік актілерге жергілікті мердігерлерге басқа аймақтардан басым жағдайын бекітетін тармақ енгізуді ұсынды. Мәжілісмендер ұсыныстарды мұқият пысықтап, бұл мәселелерді Мәжіліс қабырғасында талқылауға сөз берді.  width= Тағы оқи отырыңыз: БҚО-дағы ауылдарда төтенше жағдай жарияланды