Жаңалықтар

Ақтөбеде екі жасөспірім жол апатына ұшырады

ашық дереккөзі

Ақтөбеде екі жасөспірім жол апатына ұшырады

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы ата-анасының рұқсатынсыз көлікті айдап, жол апатына ұшырады деп жазды turkystan.kz. Оқиға 7 сәуір күні Кеңқияқ-Сарқұл тас жолының 1 шақырымында болған. Мектеп оқушысы өзінің сыныптасымен бірге әкесінің көлігіне мініп, үлкен жолға шыққан. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, балалар рөлді басқара алмай, аударылып кеткен. «Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылы бағытында Сарқұл ауылынан келе жатқан Лада Гранта көлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып қалған. 15 жастағы оқушы мен оның қасындағы жолаушы ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.