Жаңалықтар

Австрияда Президент сайлауы қайта өтті

ашық дереккөзі

Австрияда Президент сайлауы қайта өтті

Австрияда жексенбі күні Президент сайлауы қайта өтті. Өйткені алдыңғы сайлауда үміткерлер жарты пайызды бөліскен, сол себепті сот дауыс санау жұмысындағы қателік салдарынан нәтижені қабылдамаған. Қызу күрес бұл жолы да жалғасады, деп хабарлайды newsru.com. Президентті қайта сайлау үшін дауыс беру учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-де ашылған. Халық екі үміткердің біреуін таңдайды: тәуелсіз үміткер және «Жасылдар» париясының бұрынғы көшбасшысы Александер Ван дер Беллен немесе Австриялық тәуелсіз партия (АТП) атынан түсіп жатқан үміткер Норберт Хофер. Республикада барлығы 10 мың сайлау учаскелері ашылған.