Жаңалықтар

Ақтау тұрғындары түн ішінде шошып оянды

ашық дереккөзі

Ақтау тұрғындары түн ішінде шошып оянды

Ақтау тұрғындары шыңғырған қыздың даусынан шошып оянған деп хабарлады turkystan.kz. Ақтаудың 5-шағынауданындағы дәмханаға келген қыздың қылығы тұрғындарды селк еткізді. Бұл оқиға  8 наурызға қараған түні сағат 02:30 шамасында №2 үйдің артындағы «Папа бар» дәмханасының жанында болған. Куәгерлерінің айтуынша, қыз тамағы қарлыққанша айқайлаған. Ол жерде ешқандай төбелес болмаған. «Әлгі қыз «Папа бар» дәмханасының жанында бір топ жаспен бірге тұрды. Оған ешкім тиіскен жоқ. Ол шынымен есінен адасқан екен. Өзінен-өзі айқайлады. Тұрғындар түн ішінде терезеден айқайлап, оны тыныштандыруға тырысқанымен, қыз құлақ аспады. Содан сағат 02:45-те полиция келді. Сосын ғана үні өшті», – деді осы жағдайды көзімен көрген №2 үйдің тұрғыны Наталья. Бір қызығы, Полиция департаменті оған қатысты шағым түспегенін хабарлады.