Қазақстан цифрландыруда Сбер-мен емес, отандық мамандармен жұмыс істеуі мүмкін

Қазақстан цифрландыруда Сбер-мен емес, отандық мамандармен жұмыс істеуі мүмкін

Қазақстан цифрландыруда Сбер-мен емес, отандық мамандармен жұмыс істеуі мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстанда цифрландыруды платформалық үлгіге көшіруді отандық ІТ-мамандар іске асыруы мүмкін. Себебі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Президенттің қабылдауында болғанда ауқымды жобаларды қазақстандық ІТ-мамандардың күшімен құруды ұсынғанын жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Президентке Astana Hub технопаркінің жұмысы, соның ішінде Қазақстанға келіп жатқан шетелдік IT компаниялар туралы айттым. Президент отандық IT секторды қолдауға бағытталған нақты шаралар әзірлеуді және халықаралық нарықта жетістікке жеткен шетелдік IT компанияларға көмек көрсетуді тапсырды. Цифрландырудың платформалық үлгісіне өту бойынша. Осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар сарапшыларды тарта отырып, Govtech платформасын «ҰАТ» АҚ, қазақстандық ІТ-мамандардың күшімен құруды ұсындым»,  – деді Бағдат Мусин.
Мемлекет басшысына былтырғы атқарған жұмыстары, оның нәтижесі, цифрландыру және IT саласының даму перспективасы жөнінде есеп берген Мусин еліміздің цифрлық бағытында жақсы нәтиже барын жеткізді. Министрдің Facebook-тегі парақшасындағы жазбасына көз жүгіртсек, былтыр ең қажетті 18 құжат цифрлық нұсқаға ауыстырылған. 2021 жылы 628 елді мекенде интернет сапасы жақсартылса, биыл тағы да 140 ауылда осындай жұмыстар жүргізу жоспарланған. Еске сала кетсек, былтыр күзде Үкімет елдегі цифрландырудың платформалық моделін ресейлік СБЕР компаниясына жасату бойынша меморандумға қол қойған еді. Артынша бұл меморандум қоғамдық резонанс туғызды. Қоғамда цифрландыруды шетелдік компанияға жасату ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін алға тартқан. Енді министр платформаны құруды отандық мамандарға тапсыру қажеттігін айтты.