«Доғарыңыздар! Үш грыжам бар!»: Атамбаев сот залында есікті тепкіледі (ВИДЕО)

«Доғарыңыздар! Үш грыжам бар!»: Атамбаев сот залында есікті тепкіледі (ВИДЕО)

«Доғарыңыздар! Үш грыжам бар!»: Атамбаев сот залында есікті тепкіледі (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаев сот залында есікті теуіп, сот отырысын бұзды деп жазды turkystan.kz. Бүгін көрші мемлекеттің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың үстінен қозғалған 2020 жылдың қазан айындағы тәртіпсіздіктерге қатысты қылмыстық іс бойынша сот өтті. Сотта бұрынғы Мемлекет басшысы денсаулығының нашарлығына байланысты сот отырысын бұзуға мәжбүр екенін айтып, есікті тепкіледі. Сот залында отырғандар оны қолдап, шу шығарды.
«Маған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын беріңіздер. Бірақ мынаны доғарыңыздар! Менде үш жарық (грыжа) бар. Мен мұнда отыра алмаймын. Қолымның сынған орны талып барады. Мені сот залдан шығарып жіберуі үшін тәртіп бұзуға мәжбүрмін», – деді ол сот залында есікті тепкілеп.
Сот оның өтінішін орындап, Атамбаевты залдан шығарды.