Мусин Тоқаевпен әңгіменің жай-жапсарын айтты

Мусин Тоқаевпен әңгіменің жай-жапсарын айтты

Мусин Тоқаевпен әңгіменің жай-жапсарын айтты
ашық дереккөзі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесудің жай-жапсарын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Ол Facebook желісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа мына негізгі мәселелерді айтқанын жазды.
«Ең қажетті 18 құжатты цифрлық нұсқаға ауыстырдық. Бұл қызметтерге 2021 жылы 32 млн адам жүгінген. Жеке деректерді қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, мемлекеттік цифрлық сервистерді сыртқы платформаларға шығарып жатырмыз (мысалы, Kaspi/Halyk). Былтыр 70 млн онлайн қызмет көрсетілген, соның ішінде 20 млн #eGovMobile қосымшасы арқылы ұсынылды», - деді ол.
Одан әрі ол министрліктің Президентті ұялы байланыс операторларына қатысты бақылау шараларын күшейту және байланыс сапасын өлшеудің жаңа алгоритмдерін қолдану арқылы «цифрлық теңсіздікті» жою жұмыстарымен айналысып жатқанын, 2021 жылы 628 елді мекенде интернет сапасы жақсартылғанын, биыл тағы да 140 ауылдың интернетке қосылатынынан хабардар еткен.
«Мобильді операторлармен бірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G технологиясын сынақтан сәтті өткіздік. 2022 жылы республикалық маңызы бар қалаларда, 2023-2024 жылдары облыс орталықтарында коммерциялық мақсатта іске қосу жоспарланып отыр», - деді ол.
Мусин Тоқаевпен кездесуде «Қазақтелеком» компаниясы туралы да ойларын айтқан.  Ол Мемлекет басшысына демонополиялау бойынша «Қазақтелеком» компаниялар тобы байланыс операторының бірі бәсекелестік ортаға шығарылатынын, сондай-ақ, бәсекелестік ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар заңнамалық бастаманы қабылдау бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізген.
«IT саласы бойынша Президентке Astana Hub технопаркінің жұмысы, соның ішінде Қазақстанға келіп жатқан шетелдік IT компаниялар туралы айттым. Президент отандық IT секторды қолдауға бағытталған нақты шаралар әзірлеуді және халықаралық нарықта жетістікке жеткен шетелдік IT компанияларға көмек көрсетуді тапсырды. Цифрландырудың платформалық үлгісіне өту бойынша. Осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар сарапшыларды тарта отырып, Govtech платформасын «ҰАТ» АҚ, қазақстандық ІТ-мамандардың күшімен құруды ұсындым», - деді ол.
 width= Тағы оқи отырыңыз:  Қошанов Мусинге ескерту жасады