Солтүстік Қазақстан облысында май өңдейтін зауыт іске қосылады

Солтүстік Қазақстан облысында май өңдейтін зауыт іске қосылады

Солтүстік Қазақстан облысында май өңдейтін зауыт іске қосылады
ашық дереккөзі
Cолтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Тайынша ауданына жұмыс сапары барысында Ильичевка және Амандық селолық округiнiң тұрғындарымен кездестi, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Жиналғандарды Тәуелсiздiктiң 25 жылдығымен құттықтаған өңiр басшысы егемендiктiң алғашқы жылдарында экономикалық және әлеуметтiк дағдарысты болдырмау үшiн маңызды шешiмдер қабылданғанын атап өттi. «Тәуелсiздiк жылдарында әлеуметтiк сала бойынша облыстың елдi мекендерiнде көптеген мәселелер шешiмiн тауып, ауқымды iстер жүзеге асырылды. Жиырма бес жылда аудан тарихы маңызды оқиғаларға, жаңа жобаларға толығып, жеңiстi жолдан өттi. Ауыл жұртшылығының тәуелсiз жас мемлекетiмiздiң бүгiнгiдей биiк деңгейге көтерiлiп, Елбасы жүктеген мерейлi мiндеттердi абыроймен iске асыруға қосып келе жатқан үлестерi зор», - дедi Ерiк Сұлтанов. Облыс әкiмi «Тайынша-Май» ЖШС жаңа кәсiпорынының даму болашағы туралы айтып өттi. Қытай инвесторларымен бiрлескен жоба Ильичевка селосында жүзеге асырылуда. Майлы дақылдарды өңдеу зауыты жақын арада жүзеге аспақ. Зауыт жылына 300 тонна шикiзат өңдейтiн болады. Бұдан бөлек, мұнда экспортқа бейiмделген өнiм шығарылмақ. Аталған өндiрiс iске қосылған соң, жергiлiктi халық жұмыспен қамтылады.