Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады

Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады

Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді 40 жасқа толған туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады деп жазды turkystan.kz. Мемлекет басшысы жеделхатта кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкиннің ел намысын абыроймен қорғап жүргенін айтып, шаршы алаңда ертең өтетін кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.
«Әуесқой және кәсіпқой бокстағы мансабыңызда өзіңізді бірегей спортшы ретінде таныттыңыз. Деңгейі өте жоғары жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыз. Сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі көптеген бокс жанкүйеріне қуаныш, жарқын көңіл күй сыйладыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін» деп жазылған Президенттің құттықтау жеделхатында.
   width=