Байқоңырдың биылғы ұшыру жоспары аяқталады

Байқоңырдың биылғы ұшыру жоспары аяқталады

Байқоңырдың биылғы ұшыру жоспары аяқталады
ашық дереккөзі
2016 жылдың 22 желтоқсанында EchoStar 21 («ЭкоСтар-21») ғарыш байланыс құрылғысын ұшыру үшін «Бриз-М» үдеткіші мен «Протон-М» тасығыш зымыраны (ТЗ) ұшырылады. 2016 жылдың 27 қарашасы күні ғарыш айлағының 92А-50 алаңына үдеткіші бар тасығыш зымыраны жіберілген болатын. Жөндеу-сынау ғимаратында тасығыш зымыранды құрастыру жұмыстары, үдеткішті тексеру мен басқа да жоспарлық технологиялық операциялар жүргізіледі, деп хабарлайды Ресейдің ғарыш компаниясының баспасөз қызметі. EchoStar 21 серігін «Протон» тасығыш зымыраны көмегімен ұшыру туралы келісімшартты М.В.Хруничев атындағы орталықтың еншілес компаниясы — International Launch Services Inc. (ILS) ресей-американдық кәсіпорны жасады. EchoStar Corporation (АҚШ) серіктік байланыс жетекші жаһандық операторының тапсырысымен Space Systems/Loral компаниясы жасаған EchoStar 21 атты  мықты геостанционарлық серіктік байланыс Еуропа аумағында ұялы байланыс қызметін көрсетуге арналған және ол «Протон»  тасығыш зымыраны көмегімен ұшырылған EchoStar орбиталық тобының алтыншы серігі болуы тиіс. EchoStar 21 американдық жерсеріктік байланысының жіберілуімен 2016 жылы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшыру бағдарламасы аяқталады.