Павлодарда 1-сынып оқушысы марганец ерітіндісін ішіп қойды

Павлодарда 1-сынып оқушысы марганец ерітіндісін ішіп қойды

Павлодарда 1-сынып оқушысы марганец ерітіндісін ішіп қойды
ашық дереккөзі
Наурыз айында қала мектептерінің бірінде қараусыз қалған 1-сынып оқушысы шкафты ашып, сол жерде тұрған калий перманганатын аузына салған деп жазды turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Мектеп медбикесі жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін баланың аузын шая бастаған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем мамандары оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кәмелетке толмаған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
«Полицейлер оқиғадан бірнеше күн бұрын осы сыныптың мұғалімі басқа оқушының аяғы мен қолындағы жараларды емдеу үшін мектептің медицина қызметкерінен калий перманганатын алғанын анықтады. Таңертең медбикеге бермек болып, асығыста калий перманганатының бөтелкесін жұмыс үстелінің шкафына салған», - деді департамент өкілі.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тағы оқи отырыңыз: Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары ұсталды