Жаңа облыстарды құруға бюджеттен қанша қаржы қарастырылған?

Жаңа облыстарды құру бойынша жұмыстар 1 шілдеге дейін аяқталады. Бұл туралы Мәжілісте Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Саяси шешімдердің көбі сәуір айының соңына қарай қабылданады. Сондықтан қаржыландыру кейінірек бөлінеді. Аймақтарды бөлу бюджетінде ақша қарастырылмаған. Барлық әкімшілік процедуралар әлі де жүріп жатыр», – деді Татьяна Савельева.

Қаржы вице-министрінің айтуынша, жаңа облыстарды құруға байланысты бюджетті нақтылау мүмкіндігі қарастырылып жатқан көрінеді.

«Мұнда бірнеше нұсқа бар: бюджетті нақтылау және бюджетті түзету. Ең жылдам және тиімдісі қандай болады? Біз дәл сол мақсатқа барамыз», – деді ол.

Еске сала кетсек, 16 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары пайда болатынын мәлімдеген.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button