Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары ұсталды

Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары ұсталды

Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары ұсталды
ашық дереккөзі
Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Ішкі істер министрлігі бұл фактіні растады.
«Бірлескен жедел-тергеу тобы құрылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазылған хабарламада. 
Айта кетсек, облыстық Полиция департаменті бастығының 5 орынбасары бар. Олар: Жасқайрат Қайыров, Рашад Өтеуов, Дамир Сиразидимов, Данияр Бек және Болат Нұрсейітов. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.