Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары ұсталды
Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
Ішкі істер министрлігі бұл фактіні растады.
«Бірлескен жедел-тергеу тобы құрылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, облыстық Полиция департаменті бастығының 5 орынбасары бар. Олар: Жасқайрат Қайыров, Рашад Өтеуов, Дамир Сиразидимов, Данияр Бек және Болат Нұрсейітов.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.