Тоқаев орган басшыларына қатысты Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық атқарушы органдарының басшылары туралы Жарлыққа қол қойды деп жазады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жарлық «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10, 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықтың елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуын арттыру, атқарушы органдардың халық алдындағы жауаптылығы мен есептілігін күшейту, мемлекеттік басқару процесіне халықты кеңінен тарту мақсатында жазылған.

Жарлыққа сәйкес орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары бір жыл ішінде халықпен тұрақты кездесулер өткізуі, ал кейін кездесулердің нәтижелері туралы БАҚ арқылы есеп беруге міндетті болмақ.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеледі. Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button