Жаңалықтар

Мәдениет қайраткерлері Президенттен Боранбаевқа араша сұрады

ашық дереккөзі

Мәдениет қайраткерлері Президенттен Боранбаевқа араша сұрады

Еліміздің бірқатар Мәдениет қайраткерлері  Боранбаев Қайратқа қатысты тергеу ісіне араласуын сұрап, Президентке ашық хат жолдады деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы өнер иелері Instagram-дағы өз парақшаларында жариялаған. Ашық хатта өнер өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел болашағы үшін жасап жатқан еңбегі үшін ризашылықтарын білдіре отырып, елімізде бірқатар азаматтарға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын жазған. Сонымен қатар, Қайрат Боранбаевтың қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына өз үлесін қосқан меценат екенін, көптеген адамдарға көмектескенін атап көрсеткен. «Біздер, төмендегі көрсетілген өнер өкілдері – қазіргі кезде басына іс түсіп, тергеліп жатқан Боранбаев Қайрат Советайұлының ісінің объективті түрде ашық және жеңіл болуына қамқоршы болуыңызды өтіне сұраймыз», – делінген ашық хатта. Хатқа Роза Рымбаева, Байғали Серкебаев, Дильназ Ахмадиева, Сүндет Байғожин, т.б. өнер өкілдері қол қойған. Еске сала кетсек, Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша Боранбаев Қайрат Советайұлына қылмыстық іс қозғаған болатын. Тағы оқи отырыңыз: Ақсақалдар Боранбаевқа араша түсіп жатыр