Өзбекстанда президенттік сайлауда дауыс беру аяқталды
Өзбекстанда президенттік сайлауда дауыс беру аяқталды
Өзбекстанда президент сайлауда дауыс беру аяқталды, — деп хабарлайды РИА Новости. Осылайша дауыс беру аяқталды. Бүгін күндізгі сағат 11-де елдің орталық сайлау комиссиясы сайлауды «өтті» деп жариялаған болатын. Өйткені, ол кезге дейін 6,89 миллион сайлаушы дауыс беріп үлгерген-ді. Бұл – жалпы тізімдегі дауыс берушілердің 33,73 пайызы. Конституция бойынша сайлаушылардың 33%-ы дауыс берсе, сайлау өткен болып есептеледі.
Өзбекстандағы президент сайлауына елде бар төрт саяси партиядан кандидаттар қатысты.
Президент міндетін атқарушы, әрі премьер-министр Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның Либерал-демократиялық партиясынан сайлауға түсті. Ол елді әскери-саяси блоктарға қоспау және ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасты дамыту саясатын ұстанатынын айтады. Тағы екі кандидат – парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамурадов («Миллий тикланиш» ұлттық-демократиялық партиясының атынан шыққан) және Социал-демократиялық «Адолат» партиясының атынан шыққан Нариман Умаров Ресеймен одақтық байланыс және стратегиялық қарым-қатынастарды сақтап, дамытуға шақырады. Өзбекстанның Халықтық-демократиялық партиясы көшбасшысы Хотамжон Кетмонов тұрғындарды жұмыспен қамту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында тариф саясаты бағдарламаларын жүзеге асыруға назар аударған болатын.
Өзбекстанның 21,4 миллион азаматы дауыс беру құқына ие. Сайлауды өткізу үшін 12 сайлау комиссиясы құрылған, 9 381 сайлау учаскесі ашылған, оның ішінде 44-і Өзбекстанның 36 елдегі өкілдіктерінде.
Сайлауды 80 мыңға таяу жергілікті бақылаушы және халықаралық 600-дей халықаралық бақылаушы қарайды, сонымен қатар, түрлі ұйымдардың, ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам Әріптестік Ұйымы, Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы. Сайлау туралы 20 елде 1,3 мың журналист ақпарат таратады.
Алдын-ала қорытынды дүйсенбі таңертең белгілі болуы мүмкін.
Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримов биыл қыркүйекте 78 жасында қайтыс болған еді.