«Шыңғыс хан» мен «Ұлы түрік тарихы» атты кітаптарының таныстырылымы өтті

«Шыңғыс хан» мен «Ұлы түрік тарихы» атты кітаптарының таныстырылымы өтті

«Шыңғыс хан» мен «Ұлы түрік тарихы» атты кітаптарының таныстырылымы өтті
ашық дереккөзі
7 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі тұлғалардың қатысуымен генарал, саяси ғылымдар докторы, профессор Ержан Исақұловтың «Шыңғыс хан» (орыс тілінде), белгілі шығыстанушылар Зәріпбай Оразбай мен Мұхаммедзафар Оразбаевтың «Ұлы түрік тарихы» атты зерттеу кітаптарының таныстырылымы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Ғылыми конференцияны филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы жүргізді. Қос кітаптың салтанатты тұсаукесеріне еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар қауымы қатысты. Шара барасында Қуаныш Сұлтанұлы, Серік Ахымбеков, Абай Тасболатов, Әли Бектаев, Ләззат Сүлеймен, Ғани Ташқараев, Нұрлан Бекназар, Еділ Жаңбыршин, Әділғазы Бергенов, Дархан Мыңбай сынды тұлғалар аталмыш кітаптар туралы пікірлерін білдірді. Ғалым Ержан Исақұловтың «Шыңғыс хан» кітабы туралы алғашқы сөзді тарих ғылымдарының докторы Мұсабалина Гүлнар Төлеуғазықызы алды. Ол кітаптың тарихи құндылығына, ел руханиятындағы орнына айрықша тоқталды. Сондай-ақ, Шыңғыс хан туралы еленбей, ескерусіз келген деректердің осы кітапта ғылыми айналымға түскені туралы айтты. Ал «Ұлы түрік тарихы» атты зерттеу еңбегі туралы алғашқы сөзді тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы алды. Ғалым өз сөзінде Шыңғыс хан тақырыбына аса абай болуды, қоғамда айтылып жүрген жаңсақ пікірлерді дер кезінде жөнге салып отыруды ортаға салып, Шыңғыс хан бұл күнде тұтас түркі жұртын ажыратушы емес, қайта біріктіруші тұлғаға айналуы керектігін жеткізді. «Шыңғыс хан», «Ұлы түрік тарихы» сынды қос ғылыми кітаптың тұсауын Қуаныш Сұлтанұлы, Серік Ахымбеков, Абай Тасболатов, Владимир Жұмаханов, Владимир Божко және Әділғазы Берген сынды  мемлекет және қоғам қайраткерлері кесті.