«Бізде көрдің бе, сондайды?»: Ұлыбритания Премьер-министрі велосипедпен дүкендерді аралады (ВИДЕО)

«Бізде көрдің бе, сондайды?»: Ұлыбритания Премьер-министрі велосипедпен дүкендерді аралады (ВИДЕО)

«Бізде көрдің бе, сондайды?»: Ұлыбритания Премьер-министрі велосипедпен дүкендерді аралады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ұлыбританияның Премьер-министрі Борис Джонсон велосипедпен бірнеше дүкенді аралап қайтты деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде тараған осы видеоны талқылаған көпшілік «ТМД-ның қай елінің Президенттері, Араб мемлекеттерінің қай елінің шейхтары осылай істей алады?», «Міне, демократия деген осы! Еуропа деген осы, ағайын!», «Бізде ауыл әкімдері қолына қап алып, көше бойындағы күл-қоқыс пен памперстерді жинап жүреді. Міне, демократия!» деген жазбалар қалдырса, басқалары Қазақстан Үкіметіне Еуропа елдерінің министрлерінен үлгі алу керектігін айтты.
«Бізде көрдің бе, сондайды? Министрліктер үйіне барып көр, сағат 12.30-да түскі ас кезінде министрлер күзетпен жүреді. Есігін ашып дайындап тұрады», «Халықтың жағдайын түсіну үшін халық сияқты 100-150 мың айлыққа өмір сүру керек» деп министрлерге реніштерін білдірген.