Бұрынғы Білім және ғылым министрі Шәмша Беркімбаева өмірден озды

Бұрынғы Білім және ғылым министрі Шәмша Беркімбаева өмірден озды

Бұрынғы Білім және ғылым министрі Шәмша Беркімбаева өмірден озды
ашық дереккөзі
Бұрынғы Білім және ғылым министрі, қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаева 80 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасына жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін экс-білім және ғылым министрі Беркімбаева Шәмша Көпбайқызының қайтыс болғаны туралы хабарды үлкен өкінішпен қабылдадым» деп жазды Аймағамбетов.
Шәмша Беркімбаева еңбек жолын ауыл мұғалімі болып бастаған. Осы жылдар ішінде мектеп директоры, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, Білім министрінің орынбасары, Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің бірінші хатшысы, Алматы облысы Білім басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, Сенат депутаты, ұзақ жылдар бойы ЖенПУ ректоры болды. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, академик Шәмша Көпбайқызы еліміздегі білім мен ғылымның дамуына зор үлес қосты.
«Шәмша Көпбайқызы ауыл мектептерін дамытуға, дарынды балаларды қолдауға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлді. Жұмыс кездесулерінде Шәмша Көпбайқызы үнемі менімен тәжірибесімен бөлісіп, кеңестерін айтып, біздің саладағы жаңалықтарды қадағалап отырды. Ұлттық білім мен ғылымның көрнекті тұлғасының кетуі – орны толмас өкініш. Шәмша Көпбайқызының туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», - деді Асхат Аймағамбетов.