Қазақстанда АЭС-ті салуға бәсекелестер көбейді

Қазақстанда АЭС-ті салуға бәсекелестер көбейді

Қазақстанда АЭС-ті салуға бәсекелестер көбейді
ашық дереккөзі
«Самұрық-Қазына» АҚ мен Францияның Orano компаниясы Қазақстандағы атом саласын дамыту мәселесін талқылады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы мәліметті «Самұрық-Қазына» АҚ-тың баспасөз қызметі берді. Келіссөзде еліміздің оңтүстігінде уран өндіретін KATKO қазақ-француз бірлескен кәсіпорнының жұмысы қаралды. Orano компаниясы KATKO кәсіпорны жұмыс істеу үшін өңірде қуаттылығы 12 МВт күн электр станциясын салуды ұсынды. Сонымен қатар тараптар күкірт қышқылын өндіру мәселелері мен Orano-ның шетелдік жобаларына бірге инвестиция салу мүмкіндіктерін талқылады. Франция тарапы энергия көзі ретінде Қазақстанда АЭС салу жоспарына қызығушылық танытты.
«Қазір бұл ұсыныс пысықталып жатыр. Соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Нақты шешім алдағы уақытта қабылданады. Біз қалай болғанда да ядролық қана емес, газды да, басқа энергия көздерін де дамытуымыз керек», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
Анықтама: Орано (бұрынғы Areva) - француз трансұлттық корпорациясы. Ол - ядролық отын өндірісі бойынша әлемдегі үздік компания. «КАТКО» БК» ЖШС – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «ОРАНО Майнинг» АҚ-тың бірлескен кәсіпорны. KATCO Түркістан облысындағы Мойынқұм кен орнында уран өндіреді. Бұл - әлемдегі ең ірі уран өндіруші кәсіпорындардың бірі.  width= Тағы оқи отырыңыз: Елімізге АЭС салуы мүмкін 4 мемлекет белгілі болды