Жаңалықтар

Қазақстан WhatsApp, Facebook және Telegram желілерінің жұмысына шектеу қоюы мүмкін

ашық дереккөзі

Қазақстан WhatsApp, Facebook және Telegram желілерінің жұмысына шектеу қоюы мүмкін

Қазақстанда шетелдік мессенджерлер WhatsApp, Facebook және Telegram жұмыстары шектелуі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz kaztag-қа сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде (…):14-тармақта: 1) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын: «онлайн-платформаны немесе лездік хабарлар алмасу сервисін пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында онлайн-платформадан немесе лездік хабарлар алмасу сервисінен тәулігіне пайдаланушылар саны туралы ақпаратты сұрату; егер онлайн-платформа немесе лездік хабарлар алмасу сервисі Интернеттегі ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындау үшін бағдарламаны орнатпаған жағдайда, өз ресурстарында пайдаланушылар санын айқындау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабарлар алмасу сервисінің қызметін шектеу», - делінген үкімет қаулысының жобасында. 2) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «осындай ақпаратты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға бере отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау нысанасында коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу;» «Күтілетін нәтижелердің нақты мерзімі мен мақсаты: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, Ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес келтіру», - делінген құжаттың түсіндірме жазбасында. Еске салсақ, 10 наурызда ҚазТАГ сарапшылардың болжамынша, бала құқығын қорғаймыз деген желеумен әлеуметтік желілерді бұғаттаудан Қазақстан жылына $5 млрд жоғалтуы мүмкін екенін хабарлаған еді.