Мәжілісмендер үйі су астында қалған тұрғындарға көмектесті

Мәжілісмендер үйі су астында қалған тұрғындарға көмектесті

Мәжілісмендер үйі су астында қалған тұрғындарға көмектесті
ашық дереккөзі
1 сәуірде Павлодар облысына қарасты Павлодар ауданының Рождественка ауылында күннің күрт жылуына байланысты бір тұрғын үй мен ондаған ауланы еріген су басты деп хабарлады turkystan.kz. Осы күндері Рождественка ауылында құтқарушылар төтенше жағдай режимінде жұмыс істеді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен еріген суды ауылдан далаға бұрып жіберетін каналдар қазылып, ауыл ішінде суды сору жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді. Қазіргі танда су төмендеді, барлық қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды. Сәйкесінше тұрғын үйлерді су басу қаупі сейілді. Ауылда су басып кеткен бір үйді Павлодар облысының әкімі, AMANAT партиясы облыстық филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақов апатты деп танып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді және келтірілген залалды өтеуге тапсырма берген болатын. су 7 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким, AMANAT партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко, облыстық мәслихаттың депутаттары Гүлмира Нұрханова Рождественка ауылдық округіндегі су басқан учаскелерге барып, зардап шеккен отбасылармен кездесті. Рождественкада қар еріген күндері 30 үйді су басу қаупі болды. Жеті аулаға су кіріп, екі үйді су басты. су Үйлері апатты деп танылған Остопенколардың жанұясына облыс әкімінің тапсырмасымен Роджественка ауылынан үй берілді.
«AMANAT партиясы үйімізге су кірген күннен бастап қолдау көрсетті. Бірден азық-түлік, көмір, киім-кешекпен көмектесті. Балаларымыз көршілес ауылда туысқандардың үйінде. Қазіргі танда үй мәселесі шешілуде, балаларымыз тезірек жаңа үйге, мектептегі оқуларына тезірек оралады деп үміттенеміз. Партияға, облыс әкіміне, жергілікті атқарушы органдарға бізге қаржылай көмек көрсеткен барлық азаматтарға рахмет»,- деді Остапенко жанұясы.
Сондай-ақ AMANAT партиясының өкілдері еріген судың үйге кіруінен зардап шеккен ауыл тұрғыны Владимир Баяновпен кездесті. Жалғыз басты әке үйді қалпына келтіруге көмек сұрады. Жергілікті атқарушы органдар жақын арада құрылыс материалдарымен көмектесіп, үйдің еденін ауыстырып беретіндіктерін айтты. Осы күні партияластар Жамиля Эрназарова, Елена Яровенко, Мадина Джумадиева тұрмыстық техника, төсек-орын жабдықтары мен балаларға киім-кешекпен көмектесті. су
«Біз осы күндері облыста орын алған оқиғаларды мониторинг жасап, жіті бақылауда ұстадық. Бүгін біз әріптесімізбен зардап шеккен ауылдарды өз көзімізбен көріп, апаттың салдарын білуге келдік. Айта кетсек, облыстың барлық төтенше жағдай қызметтері шұғыл түрде әрекет етіп, ауыл тұрғындарымен бірге апат салдарын жоя білді. Партияның Павлодар аудандық мәслихатының депутаттары, облыстық филиалдың өкілдері бұл оқиға кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетуде белсенділік танытты. Бүгінгі күні жағдай тұрақталды. Бірақ мониторинг жұмыстарын жалғастыру қажет. Біздің тарапымыздан Республикалық деңгейде қолдау керек болса, біз үкіметке орын алған мәселелерді шешуге жүгінетін боламыз», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина.
Вера Ким әріптесін қолдап, Рождественкада Төтенше жағдайлар қызметкерлері, аймақ, аудан басшылығы және жергілікті тұрғындар үйлесімді жұмыс істегенін атап өтті. Мәжілісмендер наурыз айының соңында су басу қаупі төнген Даниловкаға да барды. Облыстық ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің айтуынша, жедел жұмыстың арқасында қауіптің алдын алып, жағдайдың тұрақталғанын хабарлады.
- Аулаларға су кіре бастағанда, біз екі МТЗ тракторын, өрт-сорғы станциясының үш мотопомпасын тастадық, үйіндіні қосымша нығайттық, – деп түсіндірді департамент басшысы.
Аудан әкімдігінің бюджетінде төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және шұғыл қажеттіліктерге қаражат бар. Барлық туындаған мәселелерді Мәжіліс депутаттары бақылауларына алды.