Білім жүйесіндегі былықтан шаршаған депутат жиналыстан шығып кетті (ВИДЕО)

Білім жүйесіндегі былықтан шаршаған депутат жиналыстан шығып кетті (ВИДЕО)

Білім жүйесіндегі былықтан шаршаған депутат жиналыстан шығып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова білім жүйесіндегі проблемаларды айтып, жиналыстың соңын күтпей, залдан шығып кетті деп хабарлады turkystan.kz exk.kz-ға сілтеме жасап. Ол мектептердегі білім сапасының жағдайына алаңдап, сапасыз білім болса мемлекеттің де болашағы бұлыңғыр екенін айтты.
«Бұл туралы айтудан шаршамаймын. Бұрынғы министр Аслан Сәрінжіповтің кезіндегі оқу бағдарламасына біз қарсы шықтық. Осы жерде сол құжатты қолдаған адамдар отыр», - деді Ирина Смирнова.
Ол Аслан Сәрінжіпов министр болып тұрғанда «Қазақстан географиясы» пәнін алып тастағысы келгенін, абырой болғанда қоғамдағы үн қосудан кейін пән мектеп бағдарламасында қалдырылғанын жеткізді. Осы ретте ол қазір оқу бағдарламасында жаңарып жатқанымен, кітаптардағы қатеден көз сүрінетінін ескертті.
«Балаларына білім беріп жатқан ата-аналарға алғыс айтамыз. Қазіргі оқушылар «стахановшылар» сияқты мектептен кейін репетиторлардан, шетелдік интернет-мектептерден дәріс алады. Өйткені жақсы білім алу үшін бәрі қосымша сабақтарға баруға мәжбүр. Барлық жерде қосымша оқиды. Интернет арқылы шет елден білім алады. Ал білім саласына бөлініп жатқан қаржы балалардың, халықтың мүддесіне жұмсалмай отыр. Себебі, проблема шаш етектен», - дейді Ирина Смирнова.