«Жүзіңіз бен жүрегіңіз жезөкшелеу»: жас актриса әріптестерін айыптады (ВИДЕО)

«Жүзіңіз бен жүрегіңіз жезөкшелеу»: жас актриса әріптестерін айыптады (ВИДЕО)

«Жүзіңіз бен жүрегіңіз жезөкшелеу»: жас актриса әріптестерін айыптады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бойжеткеннің өкпе-ренішін айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлады turkystan.kz Экспресс К-ға сілтеме жасап. Актриса кино, театр саласында өте көрікті қыздардың көп екенін айтады. Бірақ олар сонша әдемі болғанымен, әркімнің отбасын ойрандап жүреді дейді ол.
«Менің мамандығым – театр актрисасы. Осы салада әдемі қыздар көп. Оларға қызығамын. Бірақ олардың қаншама отбасын ажыратып жүргенін көрдім. Кейін оларға налып, мынадай өлең жаздым», - деген актриса өлеңін оқиды.
Өлең жолдарында ол әріптестерінің көбі екіжүзді дегендей сыңай танытады.
«Жүрсіз-ау іздеп демеу, Сіз десе, жандар көп қой келер дереу. Мен сізді басқаша елестеткем, Былғанбаңыз, Жүзіңіз бен жүрегіңіз жезөкшелеу», - деп аяқтайды өлеңін актриса.