«Тіркейміз, ешқандай кедергі жоқ»: Әділет министрлігіне 3 партия құжат тапсырған

«Тіркейміз, ешқандай кедергі жоқ»: Әділет министрлігіне 3 партия құжат тапсырған

«Тіркейміз, ешқандай кедергі жоқ»: Әділет министрлігіне 3 партия құжат тапсырған
ашық дереккөзі
Әділет министрі Қанат Мусин тіркеуге құжат тапсырған партиялар туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Үш партия тіркеуге құжат тапсырған. El Tiregi, Байтақ, сосын тағы біреуі. Бірақ олардың құжаттары бірнеше рет қайтарылған», - деді Мусин журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, партияны ұйымдастыру тобына кіретін әрбір адамның жеке мәліметтері де көрсетіледі. Бірақ құжат тапсырған партиялардың ішінде мәліметті дұрыс көрсетпегендер бар.
«Кейбір адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірі сәйкес келмейді. Сосын ұйымдастыру тобының тізіміне қайтыс болып кеткен адамдарды кіргізіп жіберген. Басқа партиялардың мүшелері де бар. Заң бойынша оларды алдымен шығару қажет. Егер олар барлық құжатты дұрыстап тапсырса, тіркейміз, ешқандай кедергі жоқ», - деді Қанат Мусин.
Осы орайда министр партияны тіркеу талаптарының әлі өзгермегенін ерекше атап өтті. Атап айтқанда, ұйымдастыру тобының құрамы 1 мың адам болуы керек. Ал партия мүшелерінің саны 20 мыңнан кем болмауы шарт. Еске сала кетсек, Президент бұл межені айтарлықтай төмендетуді тапсырған еді.