Бүлдіршіннің көзіне жасалған ота жайлы Алматыдағы жауапты басқарма пікір білдірді

Бүлдіршіннің көзіне жасалған ота жайлы Алматыдағы жауапты басқарма пікір білдірді

Бүлдіршіннің көзіне жасалған ота жайлы Алматыдағы жауапты басқарма пікір білдірді
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Айдын Тоқсанбаева есімді ана баласының оң көзіне жасалуы керек операцияның сол көзіне жасалғаны жайлы ақпарат таратқан еді. Оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz.
«05.04.2022 жылы 4 жасар науқас Т. жоспарлы түрде Балалар шұғыл медициналық орталығының офтальмология бөліміне келіп түсті. Операция бөлмесінде наркоз салынып, оң жақ қабағына тексеріс жүргізілген. Онда өздігінен түскен халязионның орны болған, хирургиялық араласуды қажет етпеді. Хаттамаға сәйкес, сол жақ қабағын тексеріп, кіші көлемдегі халязион анықталды. Жасалған анестезияны ескере келе, халязионды алып тастау туралы шешім қабылданып, ота жасалды», – деп жазылған басқарма мәліметінде.
Қазір баланың жағдайы бірқалыпты.
«Негізгі диагноз бойынша ем қабылдау офтальмология бөлімі жағдайында жалғасады», – деді басқарамадағылар.
Тағы оқи отырыңыз: Дәрігерлер баланың оң көзіне жасалатын отаны сол көзіне жасап тастаған (ВИДЕО)