Жәнібек Әлімханұлы мен Дени Дигнум жекпе-жегінің өтетін орны белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлы мен Дени Дигнум жекпе-жегінің өтетін орны белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлы мен Дени Дигнум жекпе-жегінің өтетін орны белгілі болды
ашық дереккөзі
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектің өтетін орнын жариялады деп жазды turkystan.kz.  21 мамырда Лас-Вегаста қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін британдық Дэнни Дигнуммен жекпе-жекке түсетін болды. Жекпе-жектің өтетін орны туралы мәлімет қазақстандық боксшының Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды. Әлімханұлы мен Дигнум арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы Top Rank бокс кешінің басты оқиғасы болмақ.
«21 мамыр. Лас-Вегастағы бокс кешінің басты кездесуінде жұдырықтасамыз. Бұл - біздің шоу! Біз тарих жасаймыз! Біздің уақыт келді! Жаттығулар қызу жүріп жатыр», – делінген жазбада.