Дәрігерлер баланың оң көзіне жасалатын отаны сол көзіне жасап тастаған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Айдын Тоқсанбаева есімді ана баласының оң көзіне жасалуы керек операцияның сол көзіне жасалғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға Алматы қаласындағы Манас, 40 мекенжайында орналасқан ауруханада болған.

Видео авторының айтуынша, бұған дейінгі тексерістердің бәрінде баланың оң көзінде «киста» бар деген тұжырым жасалған. Сол үшін қаладағы №16 емханадан қажет құжаттардың барлығын жинап, квота арқылы ота жасатпақ болған. Ал Айдын Тоқсанбаеваның сөзіне сенсек, Медет Нұрғалиұлы есімді дәрігер баланың сол көзіне операция жасап тастаған.

Әзірге ақ халаттылардың бұл әрекеті қаншалықты шындыққа сәйкес екенін кесіп айту қиын. Соған қарамастан видео интернетте кең тарады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button