Жаңалықтар

Ресей өзіне қарсыларға сес көрсетті

ашық дереккөзі

Ресей өзіне қарсыларға сес көрсетті

Бүгін БҰҰ-да Ресейді БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің мүшелігінен шығару мәселесі талқыланады. Отырыста жиналғандар мәселе бойынша өз таңдауларын жасайды. Осы орайда, Ресей өзіне қарсы дауыс бергісі келетіндерге доқ көрсетіп отыр деп хабарлады turkystan.kz. Қарар Ресейдің Киев іргесіндегі Буча қаласында бейбіт тұрғындарды өлтіруіне байланысты қабылданбақ. Ресей БҰҰ-дағы елдерге Мәскеуді Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшелігінен шығару ұсынысына «Иә» деп дауыс беру немесе қалыс қалу «Ресеймен дос емес» әрекет ретінде қарастырылатынын жеткізген. Ресейдің Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы миссиясы мемлекеттерді «Ресейге қарсы резолюцияға келіспеуге» шақырды. Ережеге бойынша, Ресейді мүшеліктен шығаруға дауыстың үштен екісі жеткілікті. Financial Times басылымының жазуынша, «Ресей БҰҰ мүшелеріне «бізбен біргесіңдер ме, әлде бізге қарсысыңдар ма?» деп сес көрсеткен. Онымен қоймай, Мәскеу өзін Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығаруға дауыс бергендерді АҚШ-қа қолдау көрсетті деп бағалайтынын ескерткен.