Шымкент әкімі халықпен кездесуді тойханада өткізді

Шымкент әкімі халықпен кездесуді тойханада өткізді

Шымкент әкімі халықпен кездесуді тойханада өткізді
ашық дереккөзі
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан тұрғындарымен кездесуді тойханада өткізді деп жазды turkystan.kz. Президент Жарлығына сәйкес өңір әкімдерінің тұрғындармен тоқсан сайын кездесуі тапсырылған болатын. Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов аудан тұрғындарымен кездесуін тойханада өткізді.
«Бұрын әкім халықпен жылына бір рет қана кездесетін. Биылдан бастап тоқсан сайын есеп беріп отырамын. Екі жыл бойы COVID болды. Тіпті туысқандарымызбен араласа алмай қалдық. Енді соның орнын толықтырамыз», – деді Әйтенов.
Ол кездесудің тойхана ғимаратында өтуін қалыпты жағдай деп түсіндірді.
«Енді тойхана халықтың жері ғой. Әрі барлық мүмкіншілігі бар. Кең, жарық, әдемі. Көп халық сыяды. Сондықтан халықпен кездесуге тойхана ыңғайлы», - деп ақталды әкім.