Жириновскийдің атына көше беріледі

Жириновскийдің атына көше беріледі

Жириновскийдің атына көше беріледі
ашық дереккөзі
Ресейдің Мемлекеттік Думасына Либерал демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы Владимир Жириновскийдің атына көше беру туралы ұсыныс түсті деп хабарлады turkystan.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап. Бұл туралы РЛДП-ның мемдумадағы фракциясының жетекшісі Леонид Слуцкий айтты.
«Партияның атынан Мәскеудің көшелерінің бірін қайтыс болған әріптесіміздің атына беру туралы ұсыныс жасаймын. Енді оның дұрыс шешілетініне сенемін», - деді ол.
Кеше РЛДП төрағасының орынбасары Ярослав Нилов Мәскеудегі Луковтар көшесін Жириновскийдің атына ауыстыру туралы ұсыныс айтқан болатын. Сол күні дәл осы мәселені РЛДП-ның аймақтық бөлімшесі Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комитетінің төрайымы Анна Замараева көтерді. Ол Санкт-Петербург қаласының Петроград ауданындағы Маркин көшесін Жириновскийдің атына ауыстыру туралы ұсынысын жеткізді. Владимир Жириновскиймен қоштасу ертең, яғни 8 сәуір күні Одақтар Үйінің Колонна залында болады. Жерлеу рәсімі Новодевичье зиратында өтеді.  width= Тағы оқи отырыңыз: Жириновский шынымен қайтыс болды (ВИДЕО)