Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тергеу басталды

Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тергеу басталды

Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тергеу басталды
ашық дереккөзі
Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары Барлық Төрехановқа қатысты қызметтік тергеу басталды деп жазды turkystan.kz. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, тергеуге орынбасардың қаңтар оқиғасы кезінде аудан бойынша жауапты кезекші қызметін тастап кетуі себеп болған. Шығарылған бұйрыққа сәйкес, Барлық Төреханов тергеу мерзіміне орай қызметінен босатылды. Айта кетсек, ол Алматы маңында орналасқан Тұздыбастау, Бесқайнар, Бесағаш ауылдық округтеріне жетекшілік еткен.