Экс-министр Қазақконцерттің басшысы болды

Экс-министр Қазақконцерттің басшысы болды

Экс-министр Қазақконцерттің басшысы болды
ашық дереккөзі
Ақтоты Райымқұлова Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Жаңадан тағайындалған басшыны ұжымға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев таныстырды. Ақтоты Райымқұлова – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының докторы. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «композиция» және «фортепиано» мамандығы бойынша оқыған. Халықаралық бизнес академиясында білім алып, DBA (Doctor of Business Administration) дәрежесін алған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқытушы, кафедра меңгерушісі, проректор болып еңбек еткен. 2014-2016 жылдар аралығында Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры болып жұмыс істеген. 2016 жылы Мәдениет және спорт вице-министрі, 2019-2022 жж. аралығында Мәдениет және спорт министрі қызметтерін атқарған.