Тоқаевқа Израильдің барлау қызметі қастандық жасамақ болған ба?

Тоқаевқа Израильдің барлау қызметі қастандық жасамақ болған ба?

Тоқаевқа Израильдің барлау қызметі қастандық жасамақ болған ба?
ашық дереккөзі
Ирандық «Free Hands» хакерлер тобы Израиль барлау қызметі Қазақстан Президентіне қастандық жасауға әрекеттенді деген ақпарат жариялады деп жазды turkystan.kz @chinovnik_kz Telegram арнасына сілтеме жасап. Хабарламада Қасым-Жомарт Тоқаевты жоюға әрекеттенген ұйым ретінде Израильдің «Моссад» ұлттық барлау қызметі аталған. Сонымен бірге, бұл хакерлік топ Қазақстандағы израильдік деструктивті ағымдардың әрекеті туралы эксклюзивті деректі фильм шығаруға уәде беріп отыр. Олар үш апта бұрын «Моссад» басшысы Дэвид Барнеаның жеке деректерін бұзып, көпшілік назарына ұсынған болатын. Олардың ішінде әуе билеттері, жеке куәлік, салық есептері, үй суреттері және Израильдің бас барлау агенттігінің басшысына қатысты басқа да мәліметтер көрсетілген.