Ер адам өзінің жаназасынан кейін үйіне оралған

Үндістанның Тамилнад штатының тұрғыны Мурти өз жерлеу рәсімінен кейін үйіне оралған деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

55 жастағы жұмысшы Мурти Тируппур қаласына қант қамысын жинауға барған. Алайда бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпай қойып, қайтып оралмаған. Көп ұзамай оның жақындарының бірі отбасына ер адамның мәйіті аялдама маңынан табылғанын хабарлайды. Муртидың ұлы денені әкесі деп таныған.

Полицейлер оқиғаны тіркеп, мәйітті отбасына тапсырды. Жерлеу рәсімінен кейін ертесіне Мурти күтпеген жерден үйіне тірі оралған.

«Ол үйге кіріп келгенде өз көзімізге өзіміз сенбедік. Барлығымыз шошып кеттік», – дейді Муртидің туыстары.

Полицейлер жерленген ер адамның кім екенін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button