«Мына жақта масқара болып жатыр»: АҚШ-тағы қазақтар Бесбаев пен Шекербековке алданып қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Айжан Хамит есімді блогер АҚШ-тағы қазақтардың әнші Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербековке алданып қалғанын жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Мына жақта масқара болып жатыр. Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербеков Американың Орландо қаласындағы қазақтарға концерт өткізбекші болған. Қазақтар мәз, неше түрлі штаттардан келген, билеттерді сатып алған, енді мына екі жұлдызымыз концертке келген жоқ. Қазақтар телефон соқса, «Ойбай, концерт па?» деп дым білмегендей отыр. Сонда мына видеоны кім жасаған? Екі ортада ұйымдастырушылар кінәлі болып қалды, залдың ақшасын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болды. Жігіттер, мыналарың ұят енді! Мына жақта ерігіп жүрген адам жоқ, барлығы жұмыс істеп, ақша тауып, Қазақстандағы туыстарын асырауда» деп жазды ол.

Ал видеода Мейрамбек Бесбаев:  «Ардақты бауырлар, 3 сәуір күні Орландо қаласында жолығайық. Наурызға келдік, осындағы қандастарымызды көруге келдік, араласайық. Сіздерді көріп қуанып жүрміз. Жақсы бір кеш өткізейік. Әсерлі болсын кешіміз. 3 сәуір Орландода кездесейік», деген. 

Өзге де желі қолданушылар өнерпаздардың бұл әрекеттерін қатты сынап жатыр.

Тағы оқи отырыңыз: Мейрамбек Бесбаев Майк Тайсонмен не туралы сөйлескенін айтты (ВИДЕО)

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button