Шымкент әуежайына «мина» қойылды

Шымкент әуежайына «мина» қойылды

Шымкент әуежайына «мина» қойылды
ашық дереккөзі
Түнгі сағат 2:00-де Шымкент әуежайының «миналанғаны» жөнінде хабар тарады деп жазды turkystan.kz.  Осыдан кейін жолаушылар мен қызметкерлер толық эвакуацияланды. Жергілікті полиция мен ҰҚК қалалық департаменті әуежай қызметкерлерімен бірлесіп арнайы тексеріс өткізді. Тексеріс нәтижелері жарылғыш зат туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын көрсетті. Қазір Шымкент әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Еске сала кетсек, 31 наурызда құқық қорғау органдарына түрлі қалалардағы нысандарға жарылғыш зат қойылғаны туралы ондаған хабарлама түскен еді. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.